Балалық шағымда ғашық қылған,
Қаладан ауылға асықтырған,
Сымбатты, сабырлы ерке ме едің,
Түсінген жанымды еркем едің.
Еркем етіп айналып,
Қылығыңа байланып,
Сені көріп ойланып қалдым.
Айналамнан сұратып,
Жүрегімді жылатып,
Жаным, сені ұнатып қалдым.
2. Қуантпас тағдырым Күнім болар
Түсінші барлығын бұрынғыдай.
Арманға барайық мəнді бірге,
Екеуміз болайық мəңгі бірге.
Еркем етіп айналып,
Қылығыңа байланып,
Сені көріп ойланып қалдым.
Айналамнан сұратып,
Жүрегімді жылатып,
Жаным, сені ұнатып қалдым.
Қанатым да қайрылып,
Сүйгенімнен айрылып,
Шын сүюге қаймығып қалдым.
Ойды сезім басқарып,
Жанарымнан жас тамып,
Тіл қатуға жасқанып қалдым
還沒有收藏。點右下角的星星按鈕,就能把當前頁面收進來(只保存在這個瀏覽器裏)。